Сенат депутаттығына Атыраудан сайланған Сағындық Лұқпанов дауыстың 86-сын, яғни 82,9%-ын жинады.
Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Айнұр Аманжолованың мәліметінше, Сенат депутатын сайлауда әр деңгейдегі мәслихаттардың 111 депутаты дауыс беруі тиіс еді. Бірақ дауыс беруге 105 мәслихат депутаты қатысты.
Айнұр АМАНЖОЛОВА, Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы:
– Сенат депутаттығына тіркелген кандидаттардың арасынан Сағындық Лұқпановты жақтап 86 адам дауыс берген. Бұл барлық дауыстың 82,9 процентін құрады. Ал өзге кандидаттар – Серік Смағұлов 11 (10,5%), Сағын Сейілханов 7 (6,73%) дауыс жинады.