Кеше Беларусь елінде президенттік сайлау өтті. Ел күткендей, орталық сайлау комиссиясы Александр Лукашенконы 79,7 пайызбен жеңімпаз деп таныды.
Бірақ халық көрсетілген қорытындымен келіспейді. Олардың ойынша, Беларусь билігі өздерінің дауысын ұрлаған. Қазіргі басшының негізгі қарсыласы саналған Светлана Тихановская дауыстың 6,8 пайызын жинады дегенге сенбеген ел көшеге шығып, митинг ұйымдастырды. Тіпті, Минск көшелерде үлкен дүрбелең болып, биліктің әскерге жүгінуіне тура келген. Сайлау кезінде интернет пен ұялы байланыс өшірілсе де, қараңғылықтан шаршаған жұрт шынайы демократияға қарай бет бұрғысы келетінін көрсетті.
Халық пен полиция арасында қақтығыстың әзірге тоқтайтын түрі байқалмайды. Ұзынқұлаққа сенсек, бірнеше әскер митингке шыққандардың тарабына өтіп кеткен. Ал Минск айлағынан мамырлай көтерілген президентке тиесілі ұшақ Түркияға бағыт алыпты-мыс…