1-қазанға дейінгі несие мерзімін ұзарта алатын бизнес салаларының тізімі анықталды. Төлемдерді шегеру 3-тамыздан бастап жүзеге асырылады.
ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі карантиннің ұзартылуына байланысты қызметі тоқтатылған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша қолдау шараларын ұсыну тәртібін бекітті. ШОБ субъектілері үшін банктік қарыз және микронесие шарттары бойынша мерзімін ұзарту 2020 жылдың 3-тамызынан 1-қазанға дейін 60 күнге беріледі. Өтініштерді қарау мерзімі 2 жұмыс күнін құрайды.
Кейінге қалдыруды ұсыну тәртібі мынадай салаларда қызметін жүзеге асыратын ШОБ субъектілеріне қолданылады:
1) жабық жұмыс (азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын нарықтардағы);
2) қалааралық автобустардың (микроавтобустардың), қала маңындағы жолаушылар поездарының (жұмыс поездарын қоспағанда, электричкалардың) қозғалысы, жалпы вагондарды қалыптастыру;
3) автобус станциялары (автовокзалдар);
4) ойын-сауық мекемелерінің, кинотеатрлардың, фудкорттардың, банкет залдарының;
5) мейрамханалардың, барлардың, түнгі және оны клубтарының жұмысы;
6) тұруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтер;
7) денсаулық сақтау саласындағы қызмет;
8) туристік агенттіктер мен операторлардың қызметі;
9) ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру бойынша қызмет;
10) сыйақыға немесе шарттық негізде жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар;
11) мәдениет объектілерінің, мұражайлардың жұмысы, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізу;
12) мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысы (жеке меншік, мемлекеттік тапсырыссыз);
13) жеке меншік орта білім беру ұйымдарының жұмысы;
14) көпшілік іс-шаралар (ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік және басқа көпшілік іс-шаралар, оның ішінде үйде);
15) спорт залдарының, фитнес-орталықтардың, бассейндердің, жағажайлардың, аквапарктердің жұмысы;
16) діни объектілердің жұмысы;
17) косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондардың жұмысы;
18) коммерциялық қызметті қолдауға бағытталған офистік әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет.
Экономиканың басқа салалары бойынша бизнес өкілі 15 қыркүйекке дейін қаржылық жағдайының төмендегенін растайтын құжаттарды ұсына отырып, өтініш жазады. Несие беруші мекеме бағалау жүргізе отырып, несие мерзімін кем дегенде 90 күнге дейін кейіндетеді.