Биыл Маңғыстау облысында 1-сыныпқа 20 мыңға жуық бала барады. Бірақ бұл оқушылар жылдағыдай мектеп формасын киіп, мектеп табалдырығын аттамайды. Олардың бәрі де жазу-сызуды қашықтан танып біледі.
Бірақ өңірге қарасты екі шағын елдімекендегі интернет жылдамдығының төмен болуына байланысты кәдімгі штаттық режимде оқитын болады. Қазір мектеп қабырғасындағы компьтерлер кейбір отбасыларға уақытша пайдалануға берілмек. Облыстық білім басқармасы өкілінің мәлімдеуінше, қазір 30 мыңға жуық компьютер сатып алынған. Ал оқу бағдарламасының қалай болары әзірге белгісіз.
Гүлмира МАМАЕВА, Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:
– 1-сыныптың мұғалімдері балалармен аптасына бір сабақты онлайн өткізуі мүмкін. Өйткені, баланы көріп-бақылау да керек. Бұдан басқа әртүрлі платформалар бар. MEKTEP.EDUS деген электронды күнделіктің оқушылармен кері байланыс жасауы үшін көптеген фунционалы бар. Мұғалім оқушыларды түгендейді, журналды сол жерден ашады және тапсырманы кері байланыс арқылы береді. Сондай-ақ, оқушылар сол сайттан өзінің тапсырмаларын көріп отырады.