Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бастаған арнайы топ аудандардағы әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысып шықты.
Құлсары қаласында жаңадан салынып жатқан аурухана құрылысына мұнай компанияларының бірі 7 млрд. теңге қаржы бөлді. Бастапқыда 75 орынға жоспарланған медициналық мекеме енді 275 орынға кеңейтіледі. Бірінші бөлігі осы күзде іске қосылады. Көпсалалы аурухана қажет болған жағдайда инфекционды стационарға ауысуы мүмкін. Құрылыс жұмыстарына жергілікті тұрғындар көптеп тартылған. Жаңа аурухана келесі жылы қолданысқа берілмек.
Сонымен қатар, жақын арада доссорлық алпыс отбасы қоныс тойын тойламақ. Кенттегі 60 пәтерлі үйдің құрылысы әне-міне аяқталуға жақын. Тұрғын үй осы айдың соңында тапсырылмақ.