Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа бастығы тағайындалды. Бұл туралы аталған ведмоствоның баспасөз қызметі хабарлады.
4-тамызда ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мұнайлы өңірде өткен жұмыс сапарында Атырау облыстық Төтенше жағдайлар Департаментінің жаңа бастығын – азаматтық қорғау полковнигі Омар Құмарұлын таныстырды.
Омар Бержанов еңбек жолын 1989 жылы қыркүйекте Гурьев облысы Ішкі істер басқармасының №57 әскерилендірілген ӨСБ-де өрт сөндіруші қызметінен бастады.
Еңбек жолында мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшылық лауазымдарында, Атырау облысы МӨҚҚ анықтау бөлімінің бастығы, Атырау облысы бойынша «ӨС және АҚЖҚ» ММ филиалы бастығының орынбасары, Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы қызметтерін атқарған.
Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысы ТЖД бастығының орынбасары, Қызылорда облысы ТЖД бастығы қызметтерін атқарды.