Коронавирусты емдеуге арналған бес препаратты инфекцияны жұқтырған және үйден ем алып жатқан атыраулықтар тегін ала алады. Бұл тізімде парацетамол, ибупрофен, ривароксабан, аликсабан және дабигатран бар. Қазір аталған дәрі-дәрмектерді сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, емдік өнімдер 10 күннен кейін қолжетімді болмақ.
Нұрлыбек ҚАБДЫҚАПАРОВ, Атырау облысының бас дәрігері:
– Мейлі аудан, қала болсын, провизорлық стационарлар болсын, мекеменің сұраныстарына қарай коронавируске байланысты келетін дәрі-дәрмек тек соларға беріледі.
Тегін дәрі-дәрмектер амбулаторлық жолмен емделетін науқастар үшін қолжетімді болады. Олар covid-19 диагнозы қойылған жағдайда және дәрігер тағайындауы арқылы тұрғылықты тіркелген емханадан алынады. Ал дәрі-дәрмек берілмей қалса, 1439 нөміріне хабарласуға болады.