Caspianlife, 20 желтоқсан. Бұл оқиға кеше Индер ауданы Елтай ауылдық округінің Қоскөл қыстағында орын алды.
«Дендер» аудандық газетінің жазуынша, «Бекзат» шаруа қожалығының жұмысшысы Болат Сариев таңертең малға арналған шөп сақталған шаруашылық құрылымдарына шыққан кезде, оған сұр жыртқыш шабуыл жасаған. Болат қорықпай, қасқырмен алыса бастаған. Шуды естіп, үйден оның ағасы Аманжол жүгіріп шыққан. Екеуі бірге қасқырды өлтірген.
Жергілікті ветеринарлар талаптарға сәйкес, жыртқыштың басын зерттеуге жіберіп, ал денесін өртеп, көміп тастаған. Бұл туралы «Дендер» газеті хабарлады.
(Сурет «Дендер» газетінің редакциясына Болат Сариевтің өзі ұсынған)