CaspianLife, 17 желтоқсан. Атырауда «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полиция вейп сақтаумен және сатумен айналысқан 19 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті тыйым салынған вейптерді курьерлік қызмет арқылы жіберіп отырған. Қаланың бір дүкенін тексеру барысында үш мыңға жуық вейп сақталған қойма анықталды. Тәркіленген тауардың жалпы құны 40 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Ескерту: Вейп – бұл темекі шегуге арналған сұйықтықтарды қыздыру арқылы бу шығаратын құрылғы.