CaspianLife, 11 желтоқсан. «Морпорт» кеден бекетінде заңсыз жүк анықталды — тексеру кезінде контейнерден Ираннан қоқыс жәшіктері ретінде әкелінген Oris маркалы контрабандалық темекілердің ірі партиясы табылды.
Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, жалпы саны 226 мыңнан астам темекі қорабы анықталып, олардың жалпы құны 85,9 миллион теңгені құрады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 234-бабы (экономикалық контрабанда) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.