– Ұлттық қауіпсіздік органдары төрт терактінің дайындық кезеңінде жолын кесті. Терроризм мен экстремизмге қатысы бар деп танылған 84 адам сотталды, 44 адам ұсталды;
– Сирия мен Түркиядан терроризм сипатындағы қылмыстар жасады деген күдікпен іздеуде жүрген алты қазақстандық экстрадицияланды, олардың екеуі сотталды;
– Қазақстанға терроризм мен экстремизмге қатысы бар 824 шетелдіктің кіру әрекеті тоқтатылды;
– Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, 19 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі бейтараптандырылды, 60 адам қамауға алынды;
– Заңсыз айналымнан 505 атыс қаруы, 5 қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, 45 жарылыс пакеті және 15 046 оқ-дәрі тәркіленді;
– Есірткі өндіретін 33 зертхана, сондай-ақ олардың тасымалына арналған 35 халықаралық және 31 өңірлік арна жойылды;
– Заңсыз айналымнан 3,2 тонна есірткі және психотроптық заттар, 4,5 тонна көкнәр сабанының шикізаты, сондай-ақ 18,8 тонна прекурсор тәркіленді;
– Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшін 162 адам сотталды;
– Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жүйелі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде мемлекетке келтірілетін 1,6 трлн теңгеден астам шығынның жолы кесілді, 315 млрд теңге мемлекеттік бюджетке қайтарылды. Сыбайлас жемқорлық және онымен байланысты құқық бұзушылықтар үшін 46 адам сотталды;
– Мемлекеттік шекарада 55 мыңға жуық құқық бұзушы ұсталды, қару-жарақ, оқ-дәрі, есірткі және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтудің 1 300-ден астам әрекетінің жолы кесілді;
– Шекара арқылы 18 млрд теңге көлемінде валюта мен 66 млрд теңге сомасындағы тауарлардың заңсыз өткізілуіне жол берілмеді. Заңсыз көші-қонның 20 арнасы жойылды;
– Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне 552 миллионнан астам кибершабуыл және 6 мың DDoS-шабуылдың алдын алынды.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызмет бағыттары бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
(Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша)