CaspianLife, 3 желтоқсан. Биылғы жылдың қараша айында тұтынушылық бағалардың айлық индексі өткен аймен салыстырғанда 0,9% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 1,1%-ға, ақылы қызметтер 0,8%-ға, ал азық-түлік емес тауарлар 0,7%-ға қымбаттады.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, азық-түлік өнімдері бойынша бағалар келесідей өсті:
— қияр – 40,3%-ға,
— қызанақ – 37,3%-ға,
— тәтті бұрыш – 15,5%-ға,
— пияз – 13,9%-ға,
— сарымсақ – 10,1%-ға,
— қырыққабат – 8,9%-ға,
— картоп – 6,2%-ға,
— апельсин – 4,8%-ға,
— лимон– 4,1%-ға,
— күнбағыс майы – 4%-ға қымбаттады.
Күріш бағасы – 2%, қант – 1,9%, алма – 0,7% төмендеді.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер өсті:
— ыстық су – 11,4%-ға,
— электр энергиясы – 3,4%-ға,
— қоқыс шығару – 2,2%-ға,
— орталықтандырылған жылыту – 2,1%-ға артты.
Шиномонтаж қызметтері 3%-ға, моншаға бару – 2,6%-ға, шаштараз бен сұлулық салондарының қызметтері – 1,2%-ға қымбаттады. Қараша айында бағалардың өсуі байқалды: отын (отын ағаштары) – 1,4%, тас көмір – 1%. Смартфондар 9,8%-ға, алтын неке сақиналары – 6,2%-ға, киім мен аяқ киім – 0,9%-ға қымбаттады.
Аймақтар арасында ең жоғары айлық инфляция Қарағанды облысында тіркелді – 1,5% (республикалық орташа деңгейден 0,6 п.п. жоғары), ең төменгі инфляция Алматы қаласында – 0,4%.
Аймақтар бойынша азық-түлік тауарларының бағасы ең көп Шымкент қаласында өскен – 2%, азық-түлік емес тауарлар Маңғыстау облысында – 2,3%, ақылы қызметтер – Алматы облысында 2,6%-ға артты.
2024 жылдың қараша айында жылдық инфляция (жылдық есеппен) 8,4% құрады. Ақылы қызметтердің бағасы 13,3%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 8%-ға, азық-түлік тауарлары – 5,4%-ға қымбаттады.
2023 жылдың қарашасымен салыстырғанда, суық су тарифтері:
— 43,1%-ға,
— су шығару – 25,7%-ға,
— электр энергиясы, ыстық су – 21,7%-ға,
— орталықтандырылған жылыту – 17,5%-ға,
— қоқыс шығару – 10,3%-ға өскен.
Теміржол жолаушылар тасымалы қызметтері 24,5%-ға, кешенді демалыс ұйымдары – 22,3%-ға, стоматологиялық қызметтер – 12,8%-ға қымбаттады.
Ноутбук бағасы 65%-ға, ас үй плитасы – 40,8%-ға өсті.
Ацетилсалицил қышқылы 27,6%-ға, Канефрон – 24%-ға, Корвалол – 21,9%-ға, Ацикловир – 19,6%-ға қымбаттады.
Картоп 28,2%-ға, қияр – 25,9%-ға, помидор – 25,5%-ға, зәйтүн майы – 23,3%-ға, тәтті бұрыш – 19,8%-ға, сарымсақ – 18,4%-ға қымбаттады. Ал керісінше, жылдық есепте гречка жармасы 21,6%-ға, сәбіз – 10,2%-ға, лимон – 8,9%-ға, қырыққабат – 8,5%-ға, күнбағыс майы – 5,3%-ға арзандады.
Тұтынушылық бағалар индексі, инфляция деңгейін сипаттайтын көрсеткіш ай сайын есептеледі. Қызметтер мен тауарларға арналған тарифтер мен бағалар бойынша бақылаулар жүргізіледі, барлығы 508 позиция бойынша. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап қамтылған арнайы әзірленген интерактивті ақпараттық тақтадан көруге болады.
2024 жылдың қаңтарынан бастап тұтынушылық бағалар индексін құрастыру кезінде азық-түлік тауарларының үлесі 42,0%, азық-түлік емес тауарлар – 29,8%, ақылы қызметтер – 28,2% құрайды.