CaspianLife, 22 қараша. Атырау қаласының №2 сотында «АМӨЗ» ЖШС-нің бұрыңғы бас директорының үстінен қылмыстық іс қаралды. Ол өз өкілеттіктерін тиісінше орындамауда айыпталуда (ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабы, 2-бөлігі).
Қалалық №2 соттың хабарлауынша, айыпталушы, сотталушы мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген тұлға бола тұра, жүйелердің тиімді жұмыс істеуі және өндірістік мәселелер бойынша шешімдер қабылдау жөніндегі заң және кәсіпорын жарғысының талаптарының орындалуын қамтамасыз етпей, мердігер-ЖШС кепілдік міндеттемелері шеңберінде жылу алмастырғышты жөндеуге шаралар қабылдау мүмкіндігіне ие бола тұра, жөндеу жұмыстарын жүргізуге сатып алу туралы тендер жариялаған. Нәтижесінде жылу алмастырғышты жөндеуге шамамен 2 млрд. теңге негізсіз қаражат бөлінген.
Соттың мәліметі бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 11-бабының 2-бөлігіне сәйкес, Қылмыстық кодексінің 371-бабының 2-бөлігі бойынша жасалған іс-әрекет онша ауыр қылмыс болып табылады. Ал Қылмыстық кодекстің 71-бабының 1-бөлігіне сәйкес, егер онша ауыр қылмыс жасалған күннен бастап екі жыл мерзім өтсе, тұлға қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Аталған мерзімдер аяқталды.
«Осыған байланысты айыпталушы Қылмыстық кодекстің 371-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, Қылмыстық кодекстің 71-бабының 1-бөлігіне негізделіп, жауаптылықтан босатылды, себебі іс бойынша мерзім өтіп кеткен. Сонымен бірге, одан мемлекет пайдасына шамамен 2 миллиард теңге өндіріліп алынды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», — деп хабарлады Атырау қаласының №2 соты.