CaspianLife, 5 қараша. Бұған дейін хабарланғандай, Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) 1-23 қазан аралығында жоспарлы алдын алу жұмыстары жүргізілді.
Бұған дейін хабарланғандай, жоспардан бұрын технологиялық қондырғылар іске қосылды: каталитикалық риформинг, күкірт өндіру, жеңіл газойльді гидротазарту, нафтаны селективті гидрогенизациялау, нафтаны гидротазалау, бензин мен дизель отынының комбинирленген гидротазарту қондырғысы, ЭЛТҚ-АВҚ-3, күкірт өндірудің комбинирленген қондырғысы. Сондай-ақ, ЭЛТҚ АҚ-2 бастапқы өңдеу қондырғысын іске қосу мен баптау жұмыстары жүргізілуде деп хабарланған болатын. Каталитикалық крекинг, cұйытылған көмірсутекті газдарды күкіртсіздендіру (Sulfrex), нафтаны селективті гидрогенизациялау (Prime G ), жұмыстар басталды. Жабдықтар кезең-кезеңімен технологиялық режимге шығарылып, өндіріс көлемі біртіндеп ұлғайтылады.
4 қарашада Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) баспасөз қызметі зауыттың ресми сайтында хабарлама жариялады, онда қазіргі уақытта негізгі өндірістік қондырғылар штаттық режимде жұмыс істейтіні айтылған: ЭЛТҚ АҚ-2, ЭЛТҚ-АВҚ-3, КУ , каталитикалық риформинг, каталитикалық крекинг, Sulfrex, Prime G, Prime D, ТАМЭ, Naphtha HT.
Сонымен қатар, тәуліктік мұнай өңдеу көлемі 14 380 тоннаны құрайтыны нақтыланған. 2024 жылдың қараша айының басынан бері 43 800 тонна шикізат өңделді. Қазіргі уақытта дайын өнім өндірісі мынадай: автокөлік бензині – 4 930 тонна/тәулік, дизель отыны – 2 300 тонна/тәулік, сұйытылған газ – 1 100 тонна/тәулік, авиациялық отын – 900 тонна/тәулік. Мұнай өнімдерінің тиеу жұмыстары Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен жоспарға сәйкес жүргізілуде. Ай басынан бері 8 300 тонна автобензин, оның ішінде АИ-95 маркасы – 2 852 тонна, қыстық дизель отыны маркасы ДТ-З – 5 622 тонна, сұйытылған газ – 2 873 тонна тиеген. Отын тиеуде кешіктіру жоқ, зауыт штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Зауыттың баспасөз қызметі сондай-ақ, жоспарлы алдын алу жұмыстары кезінде баяулатылған кокс алу қондырғысында қосымша жұмыстар анықталғанын және қазіргі уақытта оларды жою жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қондырғыны іске қосу жақын арада жоспарланып отыр.