CaspianLife, 4 қараша. Қазақстанның уәкілетті органдарының мәліметінше, 2024 жылдың басынан бері Жайық өзені арқылы Каспий теңізіне 16,7 миллиард текше метр су жіберілді.
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Жайық өзенінің орташа көпжылдық ағыны 9,46 текше шақырымды құрайды. Алайда биыл су көлемі орташа көпжылдық нормадан асып түсті. Сонымен қатар, өзен ағыны Ресейдегі Ириклин су қоймасынан бағытталған су көлеміне байланысты қалыптасатыны атап өтілді.
«Жыл басынан бері министрлік өкілдері Ресей, Қытай және Орталық Азия елдерінің әріптестерімен трансшекаралық өзендер мәселелері бойынша 28 кездесу өткізді. Судың тасқын кезеңіндегі көлемдерін реттеу бойынша келіссөздер қарқынды түрде жүргізілетін болады», — деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева.