CaspianLife, 28 қазан. Маңғыстау облысында жүргізушілер сұйытылған газ үшін ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр. Себебі, кейбір газ құю бекеттері жұмыс істемей жабық тұр.
Жалпы Маңғыстау облысының жүргізушілері айына 18 мың тонна сұйытылған газ тұтынады. Оның ішінде 16 мың тонна автогазды Жаңаөзендегі «Қазақ газ өңдеу зауыты» беріп отырса, қалған 2 мың тоннасы Атыраудан жеткізіледі. Облыста 462 газ құю станциясы бар. Жергілікті билік мәселенің уақытша қиындық екенін, көп ұазамай шешілетінін айтады.
«Қазан айында «Атырау мұнай өңдеу» зауытының жоспарлы тоқтауына байланысты бізге облысқа тек қана 17 мың тонна сұйытылған мұнай-газ жеткізілуде. Осыған байланысты кейбір әсіресе Ақтау және оған іргелес Мұнайлы ауданында кезектің пайда болуы байқалуда. Жалпы «Атырау мұнай өңдеу» зауыты жоспарлы іске қосылып, осы қараша айында бізге береді деген тоннасын береді деп отырмыз. Бұл кезекті немесе мәселені толықтай шешуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз»-деді, Маңғыстау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бердібек Қартбаев.
Ақпарат: Caspian News редакциясынан алынды