CaspianLife, 28 қазан. 2024 жылғы 24-28 қазан аралығында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері Каспий теңізінің жағалауына мониторинг жүргізу барысында Түпқараған ауданында 151 өлі итбалық тапты.
Итбалықтар табылған орынға Инспекцияның, ЖАО, Түбқараған Аудандық ішкі істер бөлімінің, Гидробиология және экология институтының, Маңғыстау облысы бойынша «Qazaq balyk» Республикалық балық шаруашылығы және акваөсіру қауымдастығы өкілдері шықты.
Өлі итбалықтардың табылған өліктері ыдыраған күйде болды. Олар 23 қазанда болған батыстан соққан дауылдың салдарынан жағаға шыққан.
Бұл ретте, Гидробиология және экология институтының қызметкерлері сынамаларды алуға болатын бірнеше данадан тиісті зертханалық зерттеулер жүргізу үшін ішкі ағзалардың тіндерін, сондай-ақ азу тістерін ішінара іріктеп алды.
Итбалықтардың қырылу себептері алынған материалдарға тиісті лабораторялық зерттеулер жүргізгеннен кейін айқындалатын болады.
Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізінің жағалау аймағының мониторингін жалғастыруда.