CaspianLife, 22 қазан. Кеше Қазақстан делегациясы вице-министр Амангали Бердалиннің басшылығымен Астрахань облысына барды.
Бұл туралы Ресей Федерациясының мемлекеттік бюджет қаржыландыратын ғылыми мекемесі «Ресей ғылыми-зерттеу балық шаруашылығы және океанография институты» баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада сапар Қазақстан Республикасының Президентінің «Атырау бекіре шаруашылығын жаңарту» жобасының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша тапсырмасын орындау мақсатында ұйымдастырылғаны атап көрсетілген, жобаның бір бөлігі Волга-Каспий филиалында өткізілді.
Делегация құрамына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің уақытша төрағасы Алмас Асылбеков, «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» директорының міндетін атқарушы Болат Мухаджиев, «Балық шаруашылыға ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің Атырау филиалының директоры Ерболат Кадимов, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, бизнес, ғылыми және жобалық ұйымдардың басқа да өкілдері болды.
Сапар бағдарламасы аясында делегация филиалдың қазіргі ғылыми-зерттеу қызметімен және оның бай тарихымен танысып, ғылыми зертханалар, музей және кітапхананы аралады.
Сапардың бір кезеңінде делегация «БИОС» аквакультура бойынша ғылыми-эксперименттік кешенінің және Икряное ауылындағы Ресей ғылыми-зерттеу балық шаруашылығы және океанография институтының уникалдық ғылыми қондырғысының жұмысымен танысты. Бұл ретте, бекіре балықтарының әртүрлі жастағы және түрдегі жас балықтарын бассейндерде өсіру, соның ішінде криоконсервацияланған жыныстық өнімдерді пайдалана отырып алынған эксперименттік партияларды өсіру, сапалық көрсеткіштерді анықтау және өндірушілердің қысқы бассейндерде күтілу процестері көрсетілді.
«Сапар аясында бекіре балықтарының жас балықтарын жасанды өсіру, Атырау бекіре зауыты базасында селекциялық генетикалық орталық құруға қолдау көрсету, қажетті кадрларды даярлау мәселелері талқыланды. Су биологиялық ресурстары сапалық бағалау жағдайын зерттеу, балық аулауды реттеу, өмір сүру ортасын зерттеу саласындағы бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі өзекті мәселелер де қаралды», — делінген Ресей ғылыми-зерттеу балық шаруашылығы және океанография институтының баспасөз қызметінің хабарламасында.