CaspianLife, 3 қазан. Бұл туралы облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары Жантас Оспан мәлім етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
— «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің ресми мәліметіне сәйкес, жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты өндіріс уақытша тоқтады. Осыған орай сұйылтылған газ көрші облыстардан тасымалданады. Бұдан бөлек, қазан айында ішкі нарықты сұйылтылған газбен толық қамтамасыз ету үшін министрліктен қосымша 880 тонна автогаз сұратылды, — деді Ж.Оспан.
Анықтама үшін: 408 тонна – «АМӨЗ» ЖШС, 2490 тонна – БҚО «Жайықмұнай» мекемесі, 4122 тонна – Ақтөбе облысы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ.