CaspianLife, 1 қазан. Азғыр және Сүйіндік ауылдық округінде медициналық пункттер салынды, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Абат Жанғалиев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдуалиев қатысты.
— Дәрігерлік амбулаториялар «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасымен жүзеге асты. Жобамен шет аумақтағы елдімекендерге басымдылық беріліп, биыл осы екі амбулаторияны аштық. Енді тұрғындар тиісті медициналық көмекті өз ауылдарында ала алады, — деді аудан әкімі А.Жанғалиев.
Типтік үлгідегі ғимараттардың жалпы ауданы – 266,35 шаршы метр. Бір қабатты дәрігерлік нысандар материал жинау, егу, перфорациялық зерттеу, дезинфекциялық заттарды дайындау және оны сақтауға арналған бөлмемен жабдықталған. Сондай-ақ, дәріхана, техникалық қызметкерлер мен медбикелерге арналған кабинеттер де бар.
Анықтама үшін: Азғыр ауылдық амбулаториясына 1372 , Сүйіндік амбулаториясына 1741 адам тіркелген.