CaspianLife, 25 қыркүйек. Бұл оқиға бүгін түнде Алмагүл шағын ауданында болды — алты қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында 74 шаршы метр аумақта өрт шықты.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Атырау облысы ТЖ департаментінің күштері автосаты мен баспалдақ арқылы 13 адамды, соның ішінде 6 баланы құтқарды. Сонымен қатар, 54 адам эвакуацияланды, олардың 30-ы бала.
«Өрт сөндірілді. Өрт орнына 1954 жылы туған әйел адамның мүрдесі табылды. Сондай-ақ, қайтыс болған әйелдің 1994 жылы туған ұлы күйікпен ауруханаға жатқызылды. Алдын ала өрттің себебі – қасақана өрт қою», — делінген ҚР ТЖ министрлігінің хабарламасында.