CaspianLife, 24 қыркүйек. 2024 жылғы 6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша жалпы республикалық референдум өтеді. Атыраулықтар өздерінің сайлау учаскесі туралы ақпаратты бірнеше ақпарат көздері арқылы ала алады.
Атырау облысы әкімдігі өз сайлау учаскесі туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде алуға мүмкіндік береді. Оны мына жолдармен жасауға болады:
Ресми веб-қызметте: sailau.atyrau.gov.kz
Telegram-да чат-бот арқылы: SailauAtyrauBot
Бірыңғай байланыс орталығы арқылы 109 телефоны бойынша.