CaspianLife, 23 қыркүйек. Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық сотында, алқабыз мүшелерінің қатысуымен, Тараз қаласының екі тұрғынына қатысты сот үкімі шықты.
Атырау облысының прокуратурасынан хабарланғандай, олар Telegram мессенджері арқылы «Альфа-пвп» психотроптық заттарын заңсыз сақтау және тасымалдау, сату мақсатында істегені үшін айыпталған.
Соттың үкімімен олар ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабының 1, 3 және 5-бөліктерінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын заңсыз өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жіберу немесе сату).
«Олардың бірі 10 жылға, екіншісі 11 жылға бас бостандығынан айырылды», — деп нақтылады бақылаушы орган.
(Сурет мұрағаттан)