CaspianLife, 20 қыркүйек. Атырау облысы ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясының жетекшісі, бас маман мен ветеринарлық инспектор, сондай-ақ жеке кәсіпкер және шаруа қожалығының жетекшісі пара алу және беру бойынша айыпталды.
Атырау қаласының №2 сотында сотталушыларға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі:
— біреуі бірнеше рет елеулі мөлшерде пара алғаны (ҚК-тің 366-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы), алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында пара алуды ұйымдастырғаны үшін (ҚК-тің 28-бабының 3-бөлігі — 366-бабының 3-бөлігі 4-тармағы),
— екеуі алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында пара алғаны үшін (ҚК-тің 366-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы),
— қалған екеуі лауазымды тұлғаға айтарлықтай мөлшерде пара бергені үшін (ҚК-тің 367-бабының 2-бөлігі).
Сотта Атырау облысы ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясының басшысы лауазымды тұлға ретінде Жеке кәсіпкер директоры мен шаруа қожалығының жетекшісінен жалпы қолдау көрсету үшін 1,4 млн. теңге және 500 мың теңге көлемінде пара алғаны анықталды.
Ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясының басшысы, лауазымды тұлға ретінде, бас маман және Батыс Қазақстан облысы инспекциясының ветеринарлық инспекторы мен алдын ала сөз байласып, Жеке кәсіпкер директорының 1,8 млн. теңге көлемінде пара алуын ұйымдастырған. Өз кезегінде, бас маман және ветеринарлық инспектор, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті болып, Жеке кәсіпкер директорының 1,8 млн. теңге көлемінде пара алуына топ болып қатысқан.
«Жеке кәсіпкер директоры мен шаруа қожалығының жетекшісі Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы көліктің заңсыз қозғалысы үшін 3,3 млн. теңге және 500 мың теңге параны жеке өзі тапсырған. Сотталушылардың кінәсі сотталушылардың, куәгерлердің, ақша аударымдарының түбіртектері, тергеу әрекеттерінің бейнежазбалары, сарапшылардың қорытындылары бойынша дәлелденді», — делінген хабарламада.
Хабарламада, 366-баптың 3-бөлігінің санкциясында параның 60-70 еселенген мөлшерінде айыппұл немесе 7-12 жылға бас бостандығынан айыру, мүлікті тәркілеу және белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыру қарастырылғаны түсіндіріледі. 367-баптың 2-бөлігінің санкциясында – параның 30-40 еселенген мөлшерінде айыппұл немесе 3-7 жылға бас бостандығынан айыру, мүлікті тәркілеу, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыру көзделген.
Сотталушылардың кәмелетке толмаған балаларының болуы жеңілдететін жағдай деп есептелді, ал ант қабылдаудағы бұзушылық – ауырлататын жағдай болып табылды. Сотталушылар айыптауды мойындады.
«Инспекция басшысы 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Бас маман мен ветеринарлық инспекторға параның 60 еселенген мөлшерінде айыппұл тағайындалды. Жеке кәсіпкер мен шаруа қожалығы жетекшілеріне параның 26 еселенген мөлшерінде айыппұл салынды. Барлығы мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылды. Соттың үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ», — делінген Атырау қаласының №2 сотының пресс-релизінде.