CaspianLife, 17 қыркүйек. Бас Прокурордың бұйрығымен Еркебұлан Нұрымұлы Ермеков Атырау облысы Жылыой ауданының прокуроры болып тағайындалды.
Бұл туралы Атырау облысы прокуратурасың баспасөз қызметінің хабарлады.
Е.Н. Ермеков 1987 жылы туылған.
Прокуратура органдарында 2009 жылдан қызмет етеді.
Қызмет жолында Қызылқоға ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, орынбасары, Атырау қаласы прокуратурасының бөлім бастығы, Атырау облысы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының орынбасары лауазымдарын атқарды.
Осы тағайындауға дейін Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры болды.
Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.