CaspianLife, 16 қыркүйек. Мақат ауданының 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған сайыстың бәйгесін Қарағандының шабандозы алды. 30 шақырым қашықтықтағы мәреге алғаш жеткен 11 жасар атбегіге су жаңа автокөліктің кілті табысталды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аламан бәйгеге 17 тұлпар қатысып, 4-еуі мәреге жетті. Қатарынан оза шапқан жүйріктер Қарағанды, Ақтөбе оьлыстарынан және Жылыой мен Қызылқоға аудандарынан келген.
Бас жүлдені жеңіп алған Бақторы және оның 11 жасар шабандозы Әнуар Сұңғатұлы жарыс мәресіне 1 сағат 2 минут 50 секундта келді. Жасөспірім мұндай сайысқа алғаш рет қатысып отыр.
— Бақторы жылда сайын бәйгеде шауып жүрген жылқы. Осыған дейін 3 көлік ұтты. Үстіне отырған шабандоз — туған бөлем. Қарағандыдан алып келдік. Бұл оның бірінші көлігі. Енді алда 10 көлік бұйырсын дейміз,- деді ат иесі Жандос Мақсатұлы.
Айта кетейік, 2-орын иегері ақтөбелік Әдебиет Нұрқатқа мотоцикл, 3-орынды жеңіп алған Қалқамжан Әлиге үлкен телидидар, ал мәреге 4-ші жеткен мұқырлық Тілекқали Нұрбекке ақшалай сыйлық берілді.
Анықтама үшін:
Тай бәйге 6 шақырым
орын — Самұрық
Шабандозы — Еркінұлы Шынтас
Маңғыстау облысы
орын — Патшайым
Шабандозы — Идирисов Мансур
Ақтөбе облысы
орын — Ханторы
Шабандозы — Тұрсын Батыр
Ақтөбе облысы
Құнан бәйге — 9 шақырым
орын — Бұйрық
Шабандозы — Саян
Маңғыстау облысы
орын — Томирис
Шабандозы — Әдебиет Нұрқуат
Ақтөбе облысы
орын — Ракета
Шабандозы — Мақатбай Мирас
Сағыз ауылы