CaspianLife, 5 қыркүйек. Республикалық референдумға 4500 ден аса мүмкіндігі шектеулі сайлаушы қатысады деп күтілуде.
Атырауда референдумға дайындық жұмыстары басталды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің төрағалымен өткен жиында аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов баяндады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
— Дауыс беру кезінде учаскелерде мүгедектігі бар жандар үшін мониторлы компьютерде бейімделген форматта ақпараттар, құлақаспаптар, брайль қарпінде орындалған сайлау туралы ақпарат, қосымша жарықтандыру және ұлғайтқыштар болады. Референдум науқанында 54 елді мекенге 90 инватакси бөлінеді. Қажетінше, 17 сурдоаудармашының қызметін пайдалану жоспарлануда,- деді А.Айманакумов.
Дауыс беру уақыты, орны, ұйымдастырылуы мен тәртібі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңында белгіленген ережелерге сәйкес айқындалады.