CaspianLife, 23 тамыз. Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті кызметкерлері «Мектепке жол — шекарасыз жақсылық» ұранымен жыл сайын республика көлемінде өткізілетін «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Аталған шара барысында толық емес әлеуметтік аз қамтылган отбасы Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің 2-ші сынып оқушысы Валерий Ротновқа мектепке қажетті оқу құралдары, мектеп формалары және азық-түліктер табысталды.
Айта кетерлік, Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері бұндай шараларға белсенді қатысуда және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға әрдайым жәрдем көрсетуге дайын.