CaspianLife, 22 тамыз. Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі
Ол аукцион өткізбестен заңсыз сату арқылы кәсіпорынның мүлкін аса ірі мөлшерде жымқырды деп күдіктенеді.
Залал сомасы 65 млн теңгеден асады.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда.