Бұған дейін берісі әлеуметтік желі, әрісі парламент мәжілісінде көтеріліп келген мәселенің түйіні шешілгендей болды. Бірінші сынып оқушылары енді «Сауат ашуды» емес, қайтадан «Әліппе» мен «Ана тілін» оқитыны туралы Білім және ғылым министрінің өзі жазды.
Министр Асхат Аймағамбетов өзінің фейсбуктегі парақшасына жаңа оқу жылының алғашқы екі тоқсанында шәкірттер «Әліппені» оқыса, үшінші және төртінші тоқсанның оқу бағдарламасына «Ана тілі» қосылатынын жариялады.
Орыс тілінде немесе басқа тілдерде білім алатын сыныптарда да Букварь» мен «Обучение грамоте» пәндері жүргізілетінін хабарлады. Айта кеткен жөн, қазір Әліппе Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде дайындалып жатыр. Оқулық дайын болғанда алдымен пилоттық мектептерде сынақтан өткізіледі.