CaspianLife, 24 шілде – Прокуратура мәліметінше, “Ойл Транспорт Корпорейшн” ЖШС лауазымды тұлғалары бюджет қаражатынан 700 миллион теңгеден аса сомаға мердігер компанияның шығыстарын негізсіз өтеген. Одан бөлек мердігерлерге нақты көрсетілмеген көлік қызметтері үшін 2,2 миллиард теңге аударған.
Сондай-ақ 22 шілдеде “ҚазМұнайГаз” еншілес ұйымының 11 миллион теңгесі жымқырылған.
23 шілдеде “Ойл Транспорт Корпорейшн” ЖШС-нің бұрынғы басшысы ұсталды. Аталған компанияның өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы, мердігерлік ұйымдардың 2 өкілі ұсталды.
Бюджет қаражатын жымқыру және талан-таражға салу фактілері бойынша 8 адам қолға түсті. Ал “Қазмұнайгаз” еншілес компанияларының 4 басшы лауазымындағы тұлғалар ұсталды.
Аталған бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.