CaspianLife, 23 шілде – «ҚазМұнайГаз» компаниясы мұнай өнімдері нарығында монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін 539,4 млн теңге айыппұл төлеуге мәжбүр болды.
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Департаменті прокуратура органдарымен бірлесіп жүргізген тексеру нәтижесінде компанияның үстем жағдайын теріс пайдаланғаны анықталды. 2023 жылдың қаңтарынан сәуіріне дейін ұлттық компания мұнай өнімдерін сату бойынша өтінімдерді елемей, жекелеген сатып алушыларға қатысты кемсітушілік жағдайлар жасаған.
Айыппұлды Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты салды, ол толық көлемде төленді.