CaspianLife, 19 шілде – Республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Автомобильсіз күн» челленджі өтпек. Бұл челлендж жалпыұлттық «Birgemiz: Taza Alem» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоба ауа ластануын азайтуға бағытталған, жеке көліктерден бас тарту арқылы зиянды заттардың шығарындыларын азайтуға көмектеседі.
Дүйсенбі, 22 шілде күні кез келген адам челленджге қосыла алады. Осы күні қатысушылар көліктерді пайдаланбай, қоғамдық көлік, велосипед, самокат немесе жаяу жүріп қозғалу керек. Өзіңіздің көліксіз өткен күніңізді әлеуметтік желілерде #ДеньБезАвтомобиля хэштегімен жариялап, ұйымдастырушыларды @birgemiz_taza_alem2022 белгілеп қою керек.