CaspianLife, 15 шілде — Астрахан қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығының консулдық округіне сегіз республика, екі өлке және бір облыстың аумақтары қосылатын болады.
Ашық НҚА сайтында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясы Астрахан қаласындағы Консулдығын және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасы Орал қаласындағы Консулдығын ашу туралы келісімге 2000 жылғы 9 қазанда қол қойылған Хаттаманы бекіту туралы» қаулы жобасы жарияланды.
Құжатта Астрахан қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығының консулдық округінің құрамына келесі өзгерістер енгізу көзделген:
— Адыгея Республикасы, Дағыстан Республикасы, Ингушетия Республикасы, Кабардин-Балқар Республикасы, Қалмақ Республикасы, Қарашай-Шеркес Республикасы, Солтүстік Осетия-Алания Республикасы, Шешен Республикасы, Ростов облысы, Краснодар және Ставрополь өлкелерінің аумақтарын қосу;
— Орынбор, Самара және Саратов облыстарының аумақтарын алып тастау.
Сонымен қатар, Орал қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығының консулдық округінен Маңғыстау облысының аумағы шығарылады.
CaspianLife редакциясының ескертпесі: Қазіргі уақытта Астрахан қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығының консулдық округіне Ресей Федерациясының бес субъектісі кіреді:
— Астрахан облысы
— Волгоград облысы
— Саратов облысы
— Самара облысы
— Орынбор облысы