CaspianLife, 17 маусым — Егер емтиханды тапсыра алмаған жағдайда 6 айға жүргізуші куәлігі тоқтатылады.
Көлікпен бағдаршамның сары түсіне өтсеңіз, жүргізуші куәлігінен айырылуыңыз мүмкін. Айыппұлы да қомақты.
Бағдаршамның сары түсіне бірнеше мәрте өткен жүргізушілер емтихан тапсырады. Ал емтиханнан құласа, куәлікпен қош айтысады. Бұдан бөлек, 55 мың теңгеден астам айыппұл төлеуге тиіс.
«Егер де бір жылда екінші рет осындай әкімшілік құқықбұқзушылық жасайтын жағдайда ол азамат Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 591-бабы 2-бөлімімен жауапкершілікке тартылады. 15 айлық есептік көрсеткіш түрінде және де жүргізушіні жол жүру ережесі білімін тексеру нәтижесінде емтиханға жолдайды. Егер емтиханды тапсыра алмаған жағдайда 6 айға жүргізуші куәлігі тоқтатылады», — дейді Астана қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы Бауыржан Тоқжұманов.