CaspianLife, 11 маусым — Дамуында кешеуілдеу байқалған балаларға қол ұшын созып, олардың өмір сүру сапасын жақсарту және отбасыларына жәрдемдесу. Атыраудағы «Болашақ-К» қоғамдық қоры «Ерте араласу» жобасын жүзеге асыруда. Жобаға «Теңізшевройл» компаниясы әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында қаржылай қолдау білдіріп отыр.
Қазіргі кезде орталыққа 50-ге жуық бала келіп жүр. Оларға логопед-дефектолог, дәрігер невролог-реабилотолог және кинезиотерапевт пен массаж маманы секілді өз ісін білетін білікті әрі тәжірибелі мамандар қызмет көрсетеді. Жалпы қордың өкілдері биыл ұзын саны 100 балаға көмек көрсетуді жоспарлап отырмыз дейді.
Болашақ — К» оңалту-сауықтыру орталығының маманы Әдемі Тұрсынғалиева:
Бұл ерте араласу жобасында жаңа туған баладан 3 жасқа дейін қабылдаймыз. Себебі, 3 жасқа дейін баланың миы пластичный болады. Берген емдік шараларды тез қабылдайды. Ерте араласу жобасында біз мультидисциплированно жұмыс жасаймыз. Логопед-дефектолог, ЛФК-масаж, физкабинет, процедура кабинет болып бөлініп жасаймыз.
Қоғамдық қордың мүшелері өз көрген-білгенін, тәжірибесін қаладағы және аудандардағы медициналық ұйымдардағы әріптестеріне де үйретіп жүр. Мысалы Атыраудағы №1 және №5-емхана мен Жылыой аудандық орталық ауруханасының мамандары үшін «Балалардың дамуындағы кемшілікті ерте анықтау және оңалту кезінде заманауи технологияны қолдану» тақырыбында тегін дәріс өткізген.