CaspianLife, 10 маусым — Бүгін, 10 маусымда Атырау қаласында су тасқынынан қорғау мақсатында Жайықтың оң жағалауында салынған бөгеттерді тазалау жұмыстары басталды.
Жұмыс барысында қызметкерлер құм толы қапшықтарды бір жерге жинап, кейін жүк көліктеріне тиеп, қала сыртына шығару жоспарланғанын айтты.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, өңірдегі төтенше жағдайға байланысты қалада салынған бөгеттерді ауқымды тазалау әлі басталған жоқ.