CaspianLife, 31 мамыр — Махамбет ауылының тұсында Жайық өзенінің деңгейі бірнеше күннен бері түсіп келеді. Бүгін 2 см-ге төмендеп, су деңгейі 10 м 14 см болды. Дәл осындай ахуал Индербор кентінде де байқалады, мұнда 6 см-ге төмендеп, 948 см-ді көрсетіп тұр.
Ал Атырау қаласының тұсында Жайық деңгейі үш тәуліктен бері 6 метр болып тұр. Сондай-ақ, Жаңаталап пен Еркінқала ауылының маңында да су деңгейі не көтерілген жоқ, не түскен жоқ.
Ал, Қиғаш-Шортанбай және Қиғаш-Бөкейхан бекетінде су деңгейі алты күннен бері өзгеріссіз.
31-мамыр күні Иреклі су қоймасынан секундына 90 текше метр су жіберіліп жатыр.