CaspianLife, 27 мамыр — 2024 жыл 23 мамырға қараған түннен бастап Атырау облысындағы су тасқыны жағдайларына байланысты Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында «Қауырт желі» қайта іске қосылды.
Қауырт желінің негізгі мақсаты облыс тұрғындарына ақпарттық және психологиялық көмек көрсету. Аталған уақыттан бастап орталыққа 22-ден астам қоңырау келіп түсті. Қоңыраулар легі ақпараттық сипатта болды.
«Қауырт желі» демалыссыз тәулік бойы 45-41-47, 45-07-00, 45-14-75 нөмірлері бойынша жұмыс жасауда.