CaspianLife, 24 мамыр — Өр суының қарқыны күшеюіне байланысты, қалаға кіреберіс тұста «Атырау – Индер» трассасында көліктің барлық түрі үшін, қатынас тоқтатылды.
Орал қаласы, Индер, Махамбет аудандарынан Атырау қаласына қатынау үшін, Махамбет — Хамит Ерғалиев ауылы (Исатай ауданы) арқылы – «Атырау – Астрахань» трассасы балама қатынас жолы арқылы байланыс бар.
Еске сала кетейік, «Атырау — Орал» трассасының 71 шақырымы және Сарайшық ауылының тұсы көлік қатынас үшін жабық.