CaspianLife, 21 мамыр — Тасқын кезінде малынан айрылған Жылыой ауданының тұрғындарына өтемақы мамыр айының соңына дейін төленеді. Бұл туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы айтты.
Бүгінде бөлімге мал иелерінен түскен өтініш саны – 101. Жалпы тасқын кезінде Жылыойда 876 төрт түлік пен 532 құс өліп қалған. Басым бөлігі өр суымен ағып кеткен. 20-мамырдан бастап малынан айрылған 23 азаматқа жалпы сомасы 25,6 млн теңгеге өтемақы төленді. Қалған 78 тұрғын қаражатты осы айдың аяғына дейін қолына алады. Жалпы тасқын кезінде өлген мал шығыны 93,5 миллион теңгеге бағаланып отыр.
Жылыой аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұртас Қуатбаев:
«17-майдан бастап ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен бекітілген жаңа ереже шықты. Осы ережеге байланысты кеше жиырмасынан бастап осы айдың аяғына дейін тағы өтінімдер қабылдау басталды. Қабылданған 101 өтінім бойынша 23 тұрғынға 26 миллион қаражат бөлінді. Бюджет есебінен. Комиссияның отырысында талқыланып, нақтыланды. Жалпы мына ережеде көрсетілген статистикалық бюрода ай сайын әр ауданның малдың басы шығады. Әр сиырға, қойға нарықтағы бағасы шығады. Төрт түліктің жасына, жынысына қарай бағасы бекітіледі. Бекітілген әр айдағы бағаға сәйкес төленеді деп көрсетілген.