Жайық өзені 13-мамыр күні Индербор кентінің тұсында 5 см-ге көтеріліп, 10 метр 38 см-ге жетті. Қауіпті деңгейден 193 см асып тұр. Махамбет ауылы маңында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 11 см-ге көтеріліп, су деңгейі қазір 966 см-ді көрсетіп тұр.
Мұнда да сол – қауіпті саналатын көрсеткіштен 116 см асып кетті. Қауіпті деңгей 850. Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулік ішінде 7 см-ге көтеріліп, қазір 545 см-ді көрсетті. Қауіпті деңгейге дейін 5 см қалды. Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі бір тәулік ішінде 4 см-ге төмендеп, қазір 372 см боп тұр. Қауіпті деңгей 5 метр.
Қиғаш-Бөкейхан бекетіндегі су деңгейі де 4 см-ге төмендеген. БҚО-дағы Тайпақ ауылының тұсында Жайық деңгейі 13-мамыр күні 5 см-ге төмендеді. Қазір мұндағы су деңгейі 927 см. Иреклі суқоймасынан секундына 192 текше метр су жіберіліп жатыр.