CaspianLife, 4 мамыр — Жайық суы 4-мамыр күні Тайпақта 52 см-ге көтеріліп, қауіпті деңгейден асып кетті.
Ал Индербор кентінің тұсында 32 см-ге көтеріліп, 8 метр 20 см-ге жетті. Қауіпті деңгей 845 см.
Махамбет ауылы маңында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 16 см-ге көтеріліп, су деңгейі қазір 828 см-ді көрсетті. Қауіпті деңгейге дейін 22 см қалды.
Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулік ішінде 8 см-ге көтеріліп, қазір 479 см боп тұр, қауіпті деңгей 550 см.
Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі тәулік ішінде 4 см-ге көтеріліп, қазір мұндағы су деңгейі 367 смге жетті. Қауіпті деңгей 5 метр.
4-мамыр күні Иреклі суқоймасынан секундына 141 текше метр су жіберіліп жатыр.