CaspianLife, 29 сәуір — Бесікті ауылында жағалауды нығайту жұмыстары аяқталуда. Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы хабарлады.
Аталған жұмыстардың кураторы Игілік Әубәкіровтың айтуынша, учаскелердің жалпы ұзындығы 4 430 метр.
— Жастарымыздың, студенттеріміздің, жергілікті тұрғындардың еңбегін атап өткім келеді. Жұмыстар аяқтала келді. Көтерілген бөгеттерді қаптармен бекіту үшін 300 метр қалды, — деді Игілік Әубәкіров.