Бұл туралы Атырау облысы Энергетика, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысы Айдулат Кенжебеков мәлімдеді.
«104, 105 және Атырау қаласының сол жақ жағалауындағы кәріздік тазарту алаңы бойындағы бөгет соғу жұмыстарына жауапты координатор болып бекітілдім. Қазіргі уақытта «Квадрат» булану алаңында 10 шақырымға жуық бөгет салынды. Ол жерде арнайы техникалар бөгеттерді биіктету әрі нығайту жұмыстарын атқаруда. Полигон қоқыс алаңында 60-тан астам техника жұмыс істеуде. Бұған қосымша, 40 мыңға жуық қапшыққа құм толтырылуда. Жайық өзенінің сол жағалауындағы арнайы аумақта 2 шақырым болатын жерге бөгет орнатылды. Барлық жұмыстар келесі аптада толық аяқталады» деді Атырау облысы Энергетика, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысы Айдулат Кенжебеков.