CaspianLife, 24 сәуір — Бүгінде ел аумағындағы су басқан үйлердің 30 пайызына бағалау жұмыстары жүргізілген.
Тасқын салдарынан баспанасыз қалған отбасыларды тұрғын үймен қамтуға 200 млрд теңге кетуі мүмкін.
Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді.
«Бірақ бұл нақты есеп емес. Себебі еліміздің бірнеше өңірінде жағдай әлі де тұрақталмады. Сондықтан кетер шығынды тап басып айту әзірге қиынға соғып тұр», – деді вице-премьер.
Бозымбаев 200 млрд кетуі мүмкін деген жорамалдың осы жұмыстардың қорытындысына сәйкес жасалғанын айтты.