CaspianLife, 11 сәуір — БҚО жағынан келетін судың есебінен Жайық өзенінің деңгейі Индербор кентінің тұсында 21 см-ге көтеріліп, 487 см-ге жетті.
Махамбет кенті маңында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 37 см-ге, су деңгейі 577 см-ді көрсетіп тұр. Ал жалпы көктемгі тасқын басталғалы бері 260 см-ге көтерілген.
Атырауда Жайық деңгейі бір күн ішінде 27 см-ге көтеріліп, қазір 312 см шамасында.
Қиғаш-Шортанбай су бекетіндегі су деңгейі тәулік ішінде 9 см-ге төмендеді. Қазір мұндағы су деңгейі 165 см болып тұр.
Жем өзеніндегі су деңгейі де бір күн ішінде 8 см-ге төмендеп, 275 см-ді көрсетті.
11-сәуір күні Иреклі суқоймасынан секундына 902 текше метр су жіберіліп жатыр. Ал мұнда секундына келіп жатқа су көлемі 1080 текше метр.
Гирдобекеттер су деңгейі туралы мәліметті әр 4 сағат сайын, яғни ертеңгілік 8-де, түскі 12-де, 16.00-де және 20.00-де көрсетіп тұр