CaspianLife, 9 сәуір — Атырауда Жайықтағы су деңгейі 30-см-ге көтерілді. Ал жалпы су тасқыны басталғалы бері судың көтерілу деңгейі — 58 см. Бұл туралы «Қазгидромет» мекемесінің Атырау облысы бойынша филиалы хабарлады. 9 сәуір таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Индербор кентіндегі гидропостта Батыс Қазақстан облысы жағынан судың келуі есебінен cу деңгейі 33 см-ге көтеріліп, қазір 4 м 39 см-ге жетті. Махамбет кентінде су деңгейі 60 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері судың жалпы көтерілу деңгейі 178 см. Қиғаш-Шортанбай су бекетіндегі су деңгейі тәулік ішінде 6 см-ге төмендеді. Қазір мұндағы су деңгейі 182 см болып тұр. Бұл Волгоград суқоймасынан жіберіліп жатқан су көлемінің азаюымен байланысты. Жем өзеніндегі су деңгейі де бір күн ішінде 9 см-ге төмендеп, 298 см-ді көрсетті. «9 сәуірде Иректі су қоймасынан секундына 1670 текше метр су жіберіліп жатыр, — делінген ресми мәліметте.