CaspianLife, 27 наурыз — Атырау қаласына соңғы үш күнде айлық нормадан көп жаңбыр жауды. Содан бері облыс әкімдігінің 109 біріңғай байланыс орталығына бес мыңға жуық қоңырау түскен. Оның екі мыңнан астамы көшелерде жиналған жауын суын тазартуға байланысты. Өтініштер дереу «Арнаулы автобаза» ЖШС-не жолданады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Орталық басшысы Ақмарал Батырханованың айтуынша, басымдық қала көшелеріндегі жаңбыр суын тазартуға бойынша түскен қоңырауға беріледі.
— Қазіргі уақытта орталық күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Тұрғындардың келіп-түскен сауалға 8 оператор, 2 диспетчер және 2 онлайн оператор жауап береді. Азаматтардың қоңырауы көптігіне байланысты күту уақыты 2-ден 5 минутқа дейін жалғасады. Алайда call-орталыққа ұсыныс берудің басқа да альтернативті тәсілдері бар. Қазіргі уақытта басымдық суға кету қаупі туындаған жеке тұрғын үйлерге, орталық көшелерге және әлеуметтік нысан маңдары мен көшелерге берілді,- деді А.Батырханова.
Бүгінде су сору жұмыстарына 73 техника жұмылдырылды. Көшені судан тазарту жұмыстары Сарқамыс, Өркен, Жұлдыз, Мирас ықшамаудандардың және орталық көшелердің, әлеуметтік нысандарың айналасында жүргізілуде. Қазіргі таңда 30 мың текше метрден астам жаңбыр суы шығарылды. Қажеттілікке байланысты техника саны көбейтіледі.
Өңір тұрғындар өтінімді тәулік бойына төмендегі байланыс құралдарының бірін қолдана отырып, өзіне ыңғайлы тәсілмен өтінім бере алады.