CaspianLife, 27 наурыз — Толассыз жауған жауын-шашын салдарынан қала аумағындағы жолдар мен көшелерде және жеке тұрғын үй секторларында су көптеп жиналып қалды.
Тазарту жұмыстарына жұмылдырылған 46 арнайы техника бірінші кезекте қаладағы әлеуметтік нысандар мен ірі көлемде су жиналған көше бойларын судан тазартып жатыр. Қазіргі таңда 9 мың текше метр су сорылды.
26-27 наурыз аралығында 109 бірыңғай байланыс орталығында судан тазалау бойынша 932 қоңырау қабылданған. Өтінімдер кезең-кезеңімен атқарылуда.